Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 85 газет

08 қараша 2025 ж.

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Жаңғыру мен жаңарудың мерекесі

Жаңғыру мен жаңарудың мерекесі

Жаңғыру мен жаңарудың мерекесі саналатын әз Наурыз Тереңөзек кен­тіндегі Н.Ергешбаев көшесінде де той­ланды. Көше тұрғындары салт-дәс­түр мен әдет-ғұрыпты кеңінен дәріп­теп, келген қонақтарға Наурыз дәм ұсынды. Сонымен бірге көршілер қауымы бір-бірімен көрісіп, жаңа жылда әр отбасына жақсылық тіледі.

– Әз Наурыз мейрамын Н.Ергешбаев көше­сінде орналасқан көп қабатты тұр­ғын үйде тұратын көршілер тойладық. Ескі жылды қорытындылап, жаңа күн­ге қадам бастық. Шын мәнінде, көше тұрғындары мерекені той­­лауға ұйымшылдықпен атсалысты. Жастар үлкеннен бата алып, мерекенің мән-мағынасын арттыра түсті, – дейді еңбек ардагері Мүсілім Қалмұратұлы.

Айта кетейік, Тереңөзек кентіне кіре беріс бөлігінде орналасқан Н.Ер­геш­баев көшесінде бірнеше көп қа­батты тұрғын үй орналасқан. Әр жыл­­дары кезектілік бойынша пәтер кіл­тін алған тұрғындар татулықтың, мызғымас бірліктің үлгісін көрсетуде. Үл­кендер жастарға тағылымды тәрбие беріп, көнеден келе жатқан Наурыз мерекесін дәстүрлі түрде өткізуді қолға алмақ. Алдағы уақытта бір дүйім елге айналған көршілер қауымы дәстүр са­бақтастығын жаңғырта бермек.

«ТТ» ақпарат
29 наурыз 2022 ж. 545 0