Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарасымдылық символы

Жарасымдылық символы

Берекелі мерекені Тереңөзек кен­тіндегі Ғ.Мұратбаев көшесінің тұр­ғындары да жоғары деңгейде атап өтті. Ақ дастархан басына жиналған көше тұрғындары медицина саласының ардагері Астрахан Қожақовтың ақ батасын алды.

Нұрлан Оразбековтың шаңырағын­да бас қосқан көше тұрғындары Сәлима Сәбитқызын бесікке салды. Бесікке са­лу рәсімін көше тұрғыны, қасиетті Меккеге қажылық сапарын өтеген ардақты ана Шырынкүл Есқараева жасады. Аяу­­лы ана жас келіндерге бе­сікке салу рәсімінің жөн-жоралғысын түсіндірді. Бесікте баланың жайлы жатуына, ұй­қысы тыныш болуына байланыс­ты ырым-тиымдарды айтты. Және де үй иесі Нұрлан Оразбеков кішкентай бүл­дір­шін Мұстафа Маратұлының тұ­сауын кесті. Сонымен бірге көпшілік бала­қайға ақжолтай тілегін жеткізді. Келіндер үлкендер қауымына сәлем салды. Ақ жаулықты аналар мерекенің мән-мағынасын ұғындырып, наурыз кө­женің дайындалу тәсілдерін көрсетті. Наурыз мерекесінде кө­ше тұр­ғындарына «Үлгілі отбасы», «Ға­шық­тар отбасы», «Табыс­керлер отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы» секілді номинация­­лар табыс­талды.


Осылайша, кенттегі ең ірі көше­лердің бірі саналатын Ғани Мұратбаев тұрғындары ынтымақ-бірліктің, ырыс-берекенің бастауы Ұлыстың ұлы күні екенін айшықтай түсті.

29 наурыз 2022 ж. 500 0