Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Бірлігі жарасқан көше

Бірлігі жарасқан көше

Ұлыстың ұлы күнін кенттегі Аға­йынды Бозжановтар атындағы көше тұрғындары сән-салтанатпен атап өтті. Дәстүрге айналған мерекені ұйым­дастырушылар сол маңайдағы Б.Жақып, Ә.Найзабаев көшесінің тұр­ғын­дарының басын қосты. Таң­ер­тең­нен бастап келіндер қазан көтеріп, наурыз көже пісірді. Үлкенді-кішінің бар­лығы дастархан басына жиналып, ақ­сақалдар бата берді.

Ұлттық киім киіп, ақ жаулық таққан әжелер ауылдың алты ауызын айтып, сый-сияпатқа кенелді. Мерекелік дас­тархан басында арнайы дайындалған «Әнші әже», «Биші әже», «Аспаз әже» номинациялары табысталды. Салт-дәс­түрмен бесікке салар, тұсау кесу рә­сімдері жасалды.


– Жыл басы Наурызды жақсы кө­ңіл күймен қарсы алуды дәстүрге ай­нал­дырғанымызға бірнеше жыл болды. Жаңа аймаққа қоныс аударған кө­ршілер жақын маңдағы көше тұр­ғындарын қонаққа шақырды. «Өт­кен жылға өкпеміз жоқ, келер жылдан үміт көп» дегендей, келіп жеткен Наурыз – жыл басы әрбір отбасына қуанышымен, мол табысымен, береке-бірлігімен келсін. Көше тұрғындарының татулығы ұзағынан болсын. Жыл са­йын аман-есен басымыз бір дастархан басында қосыла берсін, – дейді көше тұрғыны, білім саласының ардагері Сұлу­пан Шамшадинова.

Бибісара ЖАНӘЛІ 
29 наурыз 2022 ж. 572 0