Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "ӨЗІҢДІ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚОРҒА"

"ӨЗІҢДІ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚОРҒА"


24 ақпан - 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезбен күрес айлығы аясында аудандық аурухананың терапия бөлімшесінде "Өзіңді туберкулезден қорға" ұранымен семинар өткізілді.

Емхананың фтизиатрия бөлімінің медбикелері, жастар денсаулығы орталығының дәрігері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы науқастарды ақпараттандырумақсатымен семинар тренинг барысында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Туберкулез - туберкулезбен ауыратын науқас адамнан сау адамға жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауа тамшы арқылы жұғатын инфекциялық ауру. Егер, Сізде; 2 аптадан астам жөтел, салмақ пен тәбеттің төмендеуі, тершендік, кеуденің ауруы, дене температурасының көтерілуі, әлсіздік пен тез шаршау байқалса, тез арада аймақтық дәрігерге көрінгініз жөн. Осы ретте сала мамандарына емделушілер сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Б.ЖАНӘЛІ
07 наурыз 2018 ж. 1 446 0