Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 38 газет

14 мамыр 2024 ж.

№ 37 газет

11 мамыр 2024 ж.

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Аудан әкімінің төрағалығымен актив жиыны өтті

Аудан әкімінің төрағалығымен актив жиыны өтті

Президент Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ауданда кеңейтілген актив жиын өткізілді. Аудан әкімі М.Ергешбаев бұл жолғы Жолдауды халық асыға күткенін айтып, басым бағыттардың маңыздылығын айтып, негізгі өзгерістерді атап өтті.

– Мемлекет басшысы «Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде халыққа жолдаған Үндеуінде еліміз үшін аса өзекті мәселелер бойынша жаңа реформаларды наурыз айында жариялайтынын айтқан еді. Оның үстіне соңғы уақыттарда елімізде болып жатқан саяси маңызды өзгерістерден кейін Ел Президентінің биылғы Жолдауын бәріміздің асыға күткеніміз анық. Сол реформалар кешегі Жолдауда жарияланды, біз бүгін соны талқылап, бірлесе жүзеге асыру бағытындағы жоспарларымызды пысықтап алу үшін бас қосып отырмыз, – деген аудан басшысы Жолдаудағы басымдықтар туралы кеңінен айтып өтті.

Мұнан кейін саяси реформалар мен модернизациялар, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер мен міндеттер туралы Сырдария аудандық мәслихатының хатшысы Ержан Әжікенов баяндама жасады.

– Президенттік қызметке кіріскелі бері Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнап төрт рет Жолдау жариялады. Дәстүрге айналған Жолдауларда еліміздің алдағы стратегиялық бағыт-бағдары мен даму жоспарлары кеңінен қамтылып келеді. Ал Мемлекет басшысының кешегі Жолдауының мәні мен маңызы тіптен ерекше болғанын білесіздер. Жолдаудың тақырыбының өзі Қазақстандағы қоғам дамуының жаңаша басым бағыттарын белгілеп, бүгінгі күнге дейінгі алған асуларымыз бен бағындырған белестеріміздің іргесін бекемдеуде жаңа заман талабына жедел бейімделуіміз қажеттігін аңғартады. Расында да әлем қазір ғарыштық жылдамдықпен дамуда, ішкі және сыртқы саясатта күтпеген жаңалықтар болуда. Бұл бізден аса қырағылықты және қатесіз жоспарлай алуды талап етеді. Оның үстіне биылғы жылдың оңай басталманын білеміз. Біз Тәуелсіздігімізден айырылып қалу қаупімен бетпе-бет келдік. Қаңтар қасіретіне қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ. Бұл мәселе бойынша бірнеше күн бұрын Парламент қабырғасында арнайы тыңдау өтті. Онда құқық қорғау органдары тергеу қорытындылары туралы есеп берді. Бәрі ашық айтылды. Қоғамды мазалаған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Енді мұндай оқыс оқиғалар болмау үшін бізге мықты саясатты ұстануға тиіспіз, – деді аудандық мәслихат хатшысы.

Сырдария аудандық мәслихатының депутаты, «Тіршілік тынысы» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Ақтөре Ибрагимұлы Жолдаудағы азаматтық қоғамды дамыту, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы және бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы өз ойымен бөлісті.
– Қазір әлем алмағайып кезеңді бастан өткеруде. Жаңа сын-қатерлер мен өзгерістер орын алып, саяси ұстанымдар күн санап жаңаруда. Бір ақпарат бір сәтте алты құрлықты шарлап, алты сағаттан кейін-ақ ұмытылып қалуда. Мұндай күрделі сәтте халыққа дұрыс ақпарат ұсынып, биліктің ұстанымын, халықтың көзқарасын тереңнен зерделей білудің маңызы зор. Яғни журналистер бәсекеге қабілетті кәсіби маман ретінде шынайы, дәйекті ақпараттарды тез әрі мазмұнды түрде халыққа жеткізуі тиіс. Ол үшін не керек? Ол үшін бірінші кезекте ақпаратқа қолжетімділік қамтамасыз етілуі керек. Осы ретте Президент журналистердің еркіндігі мен ақпаратты алу қолжетімділігі заңмен реттелетінін айтып, қолданыстағы БАҚ туралы Заң қайта қаралу керектігіне назар аударды. «Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды» деді Президент. Ендеше алдағы өзгерістерде ресми органдар жариялылық қағидатын негізге алып, журналистерге ашық ақпарат беруге мән береді деп сенеміз» деді ол.
Сондай-ақ бұқарамен байланыс орнату бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатудан басталатынын айтып, мемлекеттік құпия болып саналатын ақпараттардан басқа журналистің кез келген сұрағына дер уағында жауап алуына заңда кепілдік берілу керектігін атап өтті.

– Қазақ журналистикасының қайраткері Шер-ағаң айтпақшы: «Жегені жантақ, арқалағаны алтын» журналистердің уақытпен санаспай ақпарат таратып, ауыл-ауылдарды аралап жүргеніне қарамастан олардың әлеуметтік мәртебесі нақтыланбаған. Журналистер мемлекеттік қызметші немесе бюджет қызметкері емес, басқа да әлеуметтік санатқа кірмейді. Ешқандай әлеуметтік категорияға жатпайтындықтан журналистердің баспана алу мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Жолдаудан туындаған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін, яғни БАҚ туралы заңды жетілдіруде журналистердің әлеуметтік мәртебесі міндетті түрде ескерілетіні айтылды. Бұл қуанарлық жағдай, адал еңбекке лайықты қолдау болмақ. Жаңа Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары туралы қабылдайтын жаңа Заңында мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері бүге-шүгесіне дейін ескеріледі деп ойлаймыз. Журналистер мәселесінің Президент аузымен айтылуын жақсылықтың нышаны, оң өзгерістердің басы деп қабылдаймыз» деп түйіндеді Ақтөре Ибрагимұлы.

Жолдаудағы бірлік пен ынтымақ, Тәуелсіздікті нығайту жөнінде айтылған орнықты ойлар мен ұстанымдар туралы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Елена Мясцова хабарлама жасады. Ол басым бағыттарды әр азамат өз жұмысының басты арқауы етіп, Президент бастамаларын сапалы жүзеге асыруға бүгіннен бастап кірісуі қажет екенін айтты. Сондай-ақ аудандағы бірлік пен ынтымақты, рухани келісімнің жолға қойылғанын жоғары бағалап, актив жиынына қатысушыларды Жолдаудағы Президент тапсырмаларын бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Актив жиынын қорытындылаған аудан басшысы таяу арада орындалуы тиіс міндеттер айқындалғанын айтып, орынбасарлары мен бөлім басшыларына, кент және ауылдық округі әкімдеріне бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы тапсырмалары күн тәртібінен түспейтінін жеткізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

19 наурыз 2022 ж. 288 0