Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Білімділер бәсекесі

Білімділер бәсекесі

Жақында Нағи Ілиясов ауы­лында «Сыр үміті» жас­­­тар қауымдастығы мен Қор­­­қыт ата атындағы Қы­зыл­­­­­­орда универститінің ұйым­­­­­­­дас­тыруымен аудан жас­­­тары арасында «Aqyl Bat­tle» ин­теллектуалды са­­­­йыс өткізілді.

Интеллектуалды сайыстың ашылуында сөз алған «Сыр үміті» қауымдас­тығының төрағасы Мағжан Ералиев сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

– Құрметті достар, бүгінгі сайысқа қатысушылар сайыс жеңімпазы болу­ларыңызға сәттілік тілейміз. Зейінді жас­тардың бәсекесінде тек білімділер топ жаратынына сенеміз. Әрдайым із­деніс пен білім деңгейін жетілдіру – саналы жастардың міндеті. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар көптеп ұйым­дастырылады, – деді қауым­дас­тық төрағасы М.Ералиев.

Негізінен, сайыста аудан бойынша 23 команда бақ сынады. Білімді жас­тар интеллектуалды, логикалық, та­нымдық сұрақтарға жауап берді. 4 қа­ты­сушыдан құралған команда өзара же­ңім­пазды анықтады.

Сайыс қорытындысында Шаған ауы­лынан келген «Smart team» коман­дасы жеңімпаз атанды. Жүлделі ІІ орынды Ақжарма ауылынан келген «Зияткер» командасы, ІІІ орынды А.Тоқмағамбетов ауылынан келген «Асқар жастары» командасы иеленді. Өз кезегінде «Сыр үміті» жастар қа­уым­­дастығының төрағасы са­йыс жүл­дегерлеріне қаржылай сыйлық табыс­тады.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
15 наурыз 2022 ж. 355 0