Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Облыстық телевизиялық білім сайысының іріктеу кезеңі өтті

Облыстық телевизиялық білім сайысының іріктеу кезеңі өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Интеллектуалды ұлт» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайысқа №35, №36, №42 мектеп-лицейлері мен №210 орта мектептің 11 сынып оқушыларынан құралған топ қатысты.

Білімділер сайысының іріктеу кезеңін аудандық білім бөлімі, облыстық «Қызылорда» телеарнасы мен облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Интеллектуалды сайыс оқушылардың өзара білім сынына түсуге, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылысын дамытуға, олардың көшбасшылық қабілетін арттыруға үлкен септігін тигізді.

Топ мүшелері сайыс ережесі бойынша білімдерін саралап қана қоймай, сұраққа қазақша, орысша және ағылшынша жауап берді. Осы орайда Елбасы Н.Назарбаевтың алға қойған тілдің «Үштұғырлы» саясатының қаншалықты маңызды екені айшықтала түсті.

Білімге құштар жастардың сайысы заманауи технологиямен жабдықталған ортада, қызықты және тартымды өтті.
Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
03 ақпан 2021 ж. 742 0