Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қытайдың тест тапсырмаларына Димаш Құдайберген туралы сұрақтар енгізілді

Қытайдың тест тапсырмаларына Димаш Құдайберген туралы сұрақтар енгізілді


Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің өмірі мен жетістігі Қытайдағы тест тапсырмаларына арқау болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қытайдың тест тапсырмаларына Димаш Құдайберген туралы сұрақтар енгізілді. Бұл туралы қытайлық блогер Си Хуай Шың Weibo желісіндегі парақшасында жазды.


Тест тапсырмаларында Димаш Құдайбергеннің туған жері, балалық шағы, қызығушылықтары және жетістіктері туралы сұрақтар ағылшын тілінде берілген. Тапсырмада әншінің «Славян базары» және «I am a singer» жобаларында жеткен жетістігі туралы жазылған.
«Әншінің даусы да, сырт келбеті де әдемі. Дәл осы себепті ол Қытайда танымалдыққа ие болды. Димаш Құдайберген жобада француз тілінде ән айтқаннан кейін, Weibo желісіндегі оқырмандарының саны артып, 300 000 адам болды», – деп жазылған тапсырмада.
10 наурыз 2018 ж. 1 808 0