Димаш Құдайбергенге екі күнде 70 млн қытай дауыс берген
Димаш Құдайберген Қытайда «Ең ықпалды сері» (Top Influential Idol) рейтингінде тағы да топ жарды. Әншіге екі күнде 70 миллион қытайлық дауыс берген деп хабарлайды NUR.KZ.
«Барлық шерулерде мен үшін дауыс беріп, үнемі мені қолдап, мəртебемді биіктетіп жүретін туған елімдегі жəне əлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйер тыңдармандарыма мың алғыс! Екі күнде 70 миллионға жуық дауыс жинаған жетістік сіздердікі Dears! Жеңімпаз мен емес, сіздерсіздер! Рахмет, dears!», - деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Бұл Димаштың «Top Influential Idol» рейтингісінде алғаш рет бой көрсетуі. Рейтинг әр апта сайын жаңаланып, рейтингке енген әр жұлдыздың жанкүйерлері жеті күн бойы дауыс беріп, апта сайын жеңімпаздарды анықтайды. Жыл соңында үнемі апталық жеңімпаз атанған тұлға, жылдың «Ең ықпалды серісі» атанады.
Айта кетейік, Димаш қазіргі уақытта үшінші орынға жайғасқан.