Ұстаз-аналарға құрмет
Бүгін аудандық білім бөлімінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, білім бөлімі басшысы Б.Жәнібековтің мерекелік қабылдауы өтті.
Мерекелік шараға білім саласында басшылық қызметте жемісті еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысты.
Әйел-аналар – отбасының ғана емес,елдің тірегі, қоғамның белсенді мүшесі екендігін атап көрсетті. Көңілге көктем, баршамызға мерейлі мерекенің ажарын келтірген ардақты аналарға, аяулы аруларға білім бөлімі басшысы үлкен алғысын білдірді.
Сонымен қатар, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Есназар бүгінгі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің ұйытқысы болып жүрген ару қыздарымызды мерекелерімен құттықтап, ақ пейілді, дархан жүректі нәзік жандарға зор денсаулық, қажырлы еңбектеріне биік белес пен толағай табыс тіледі.
Салтанатты шараға қатысқан қыз-келіншектер білім саласында атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесіндегі оң өзгерістерге тоқталып, білім бөлімі басшысына алғыстары мен ақжарма тілектерін жеткізді. Мерекелік қабылдауға қатысушы барша аруларға мерекелік сыйлық пен гүл шоқтары табысталды.