Батыр ауылындағы мерекелік басқосу
Нағи Ілиясов ауылдық округінде "8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік қабылдауға «Ақ әжелер» ансамблінің мүшелері мен ауылдағыі мекеме қызметкерлері қатысты.
Кездесуде аудандық мәслихат депутаты «Мағжан және К» ЖШС директоры Д.Ералиев, ауыл әкімі С.Нурмаганбетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Жұмабеков нәзік жандыларға шынайы тілектерін білдірдіп, арнайы сыйлықтарын табыстады.
– Қоғамды, барлық саланы әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Ерлермен бірге иық тірестіре еңбек етіп, жауапкершілікті абыроймен көтеріп, жемісті жұмыс істеп келе жатқан нәзік жандыларға құрмет ерекше болуы тиіс. Отбасы мен жұмысты қатар алып жүрген барша әйел-аналарға шексіз ризашылығымды білдіреміз. Жұмыстарыңыз жемісті, дендеріңіз сау болып, ұрпақтарыңыздың қызығын көре беріңіздер. – деді құттықтаушылар.
Кездесу барысында ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері аналардың құрметіне әннен шашу шашты.
Өз кезегінде мерекелік қабылдауға қатысқан аналар ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, жұмыстарына жеміс тіледі. Аналар қауымы ақ тілектерін ортаға салып, елді мекеннің өркендеуіне, дамуына тілектес екенін жеткізді.