Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Бүгін – жыр алыбы Жамбылдың дүниеге келген күні

Бүгін – жыр алыбы Жамбылдың дүниеге келген күні

Бүгін – өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың дүниеге келген күні. Жампоз жыр алыбының туғанына 176 жыл толып отыр, – деп хабарлайды egemen.kz.

Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қырандай жыр нөсерін селдетті. Оның сөздері ұранға айналып, халық поэзиясының атасы аталды. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен өлшенеді. Назарларыңызға Жамбыл ақынның нақыл сөздерін ұсынамыз.
Ойхой, дүние – серуен,
Адам – бір көшкен керуен.
***
Ақын ғаріп емес пе, байды өтірік мақтаса,
Заман ғаріп емес пе, әділеттен аттаса.  
***
Жабы жүйрік болар ма - байлағанмен,
Жасық болат болар ма - қайрағанмен.
***
Ерден бағы жанбаған әйел ғаріп.
***
Серт адамды байлайды
Ер жігіт серттен таймайды.
***
Ел үшін туған ерлердің,
Алды-арты дария кең болар.
Жігерлі болса – ер болар.
***
Артықша туған азамат
Халыққа үлкен бел болар.
***
Кәрілік екі көзді қызартады,
Сүйектің етін сылып, ұзартады.
Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей,
Батпандап тізе тұсқа тұз артады.
***
Жаманға ұйқы – жолдас, тамыр – тамақ,
Болмайды көңілінде басқа талап.
***
Қатарың болса құрыштай
Қаһарың болса қылыштай,
Жау қалмайды жеңілмей.
28 ақпан 2022 ж. 285 0