Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Кондитер орталығы ауыл халқына қызмет көрсетеді

Кондитер орталығы ауыл халқына қызмет көрсетеді

Аманкелді ауылында кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді.

Кәсіп бастаймын деген белсенділерге 2021 жылы мемлекет қайтарымсыз қаржы берді. Бұл әрине қуанарлық жағдай.

Өз қаражаты есебінен де кәсіп көзін ашып, жұмыс жасауға ниет білдірушілер де жетерлік. Осындай жандардың бірі, жеке кәсіпкер «Құралай» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Бәкірова Құралай Асылбекқызы ауыл орталығынан кондитер орталығын ашты.

Кәсіпкерлік нысанының ашылуына ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиев арнайы қатысты. Нысанның лента қию рәсімі жасалып, кәсіптеріне сәттілік тіледі.

Шаруасы өрге домалап, өзін ғана емес ауылдың дамуына да өз үлесін қосуына тілектеспін,-деді ауыл әкімі М.Нұрғалиев.

«Құралай» кондитер орталығының жетекшісі – Құралай Бәкірова. Кәсіп иесі бірнеше жылдан бастап ауыл тұрғындарына кондитерлік өнімдерін сатумен айналысады. Елді мекендегі ауыл әкімдігімен бірлесе өтетін түрлі әлеуметтік салаға қатысты шараларға қатысып, тұрғындарға қолдау білдіріп отырады.

Бүгінде жолдасы Төребек Дүйсенбеков екеуі қолдан келгенше халыққа қызмет етіп келеді.

Алдағы уақытта ауыл халқын ыстық нан және тәтті (тоқаш) тағамдармен қолжетімді бағада қамтамасыз ететін болады.

10 ақпан 2022 ж. 509 0