Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа кондитер цехы аудан халқына қызмет етеді

Жаңа кондитер цехы аудан халқына қызмет етеді

Сырдария ауданы үшін 2019 жыл табысты болды десек артық айтқандық емес. биыл түрлі әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. кәсіпкерлік көкжиегі де кеңейді. Жастар жылы қарсаңында кәсіп бастаймын деген белсенділерге мемлекет қаржы берді. Бүгінгі күнге дейін басылым бетінде «өз кәсібін бастады» деп жарияланған материалдар саны өте көп. Бұл әрине қуанарлық жағдай. Жыл соңында аудан халқы тағы бір кәсіпкерлік нысанының ашылуына куә болды.
Аудан басшысы Р.Рүстемов пен ҰОС ардагері Я.Тасыров арнайы келіп, лентасын қиған ғи­ма­раттың келбеті көз тартарлықтай.
– 2018-2020 жылдар өңірімізде «Жаппай кә-сіпкерлікті дамыту жылдары» жарияланғанын білесіз­дер. Айта кету қажет, жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы үш маңызды мәселені шешетініміз белгілі. Олар – салық базасын ұлғай­ту, тұрақты жұмыс орындарын құру және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету, ерекше мән бе­ру – басты міндеттеріміз болып табы­лады. Бүгінде аудан бойынша 2338 шағын және орта кәсіпкерлік субъ­ектілері тіркелсе, оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъ­ектілерінің тіркелгендерге үле­сі 90,1 процентті құрап отыр. Міне, бүгін жаңадан ашылып отыр­ған «Айша» кондитерлік өнім цехы да соның айғағы. Шаруа­сы өрге домалап, өзін ғана емес ауданның дамуына да өз үлесін қосып келе жатқан кәсіп­керлеріміздің еңбектері ауданның көркеюіне, кентіміздің келбетінің шырайлануына да негіз болуда, – деген аудан әкімі туған жерді өркендету үшін өз үлестерін қосып жатқан кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді.
«Айша» дүкенінің жетек­шісі – Гүлжан Әбді­ғап-парова. Кәсіп иесі 2010 жылдан бастап халыққа кондитерлік өнімдерін сатумен айналысады. 2013-2014 жылдары «Алтын сапа» облыстық көрмесіне қатысып, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» мара­патталған. Бүгінде аудан халқын ыстық нан және тәтті тағамдармен қамтамасыз етіп келеді. Өткен жы­лы өз бизнесін кеңейту мақса­тында жаңадан кондитерлік өнім це­хын салу жұмыстарын жүргізді. Жобаның құны 15 млн теңгені құрайды. Оның ішінде, 1 млн теңгесі өз қаражаты есебінен бол­са, «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының бі­рін­­ші бағыты бойынша «Халық банк» АҚ арқылы 14 млн тең­ге несие алған. Цех күніне 800 бірлік бөлке нан, тоқаш, торт өнімдерін өндіреді. Мұнда бес адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Майя ҚОЖАБАЙ
31 желтоқсан 2019 ж. 1 152 0