Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетістік үйірмеден бастау алады

Жетістік үйірмеден бастау алады

Апта ағымында аудан орталығынан шалғайда орналасқан Аманкелді ауылында мәдениет саласының мамандары бас қосты. Мұнда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі аясында «Жетістік – үйірмеден бастау алады» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылған болатын. Іс-шараға ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиев, аудандық мәдениет үйінің әдіскерлері, мәдениет қызметкерлері, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрмағанбет Құдайбергенов қатысты.

Кәсіби біліктілік пен тәжірибе жи­­наудың алаңына айналған семи­нар-кеңесті ауыл әкімі Мейрамбек Нұр­­ғалиев ашып, көпшілікке сәттілік тіледі.

– Аманкелді ауылы – құт қонған киелі мекен. Тарихы терең ауылымыздан есімі елге белгілі өнер майталмандары шыққан. Мәдени құн­­дылықтарды қалыптастыруда ауыл өнер­паздары зор үлес қосып ке­леді. Жоғарғы дәрежедегі бай­қаулардың жеңімпазы атанған жер­лестеріміз – біздің мақтанышымыз. Оның ішінде, талантты әнші «Қа­зақ­­стан дауысы» жобасының қаты­су­шысы Құралай Мейрамбек көптің ыстық ықыласына бөленді. Осындай бәсі биік жастардың ар­қасында қазақ мәдениеті мәңгі жа­­сай бермек. Бүгінгі семинар жұ­мысына сәттілік, баршаңызға шығармашылық өрлеу тілеймін, – деді ауыл әкімі.

Бүгінде Аманкелді ауылындағы мәдениет үйі жанында 7 үйірме жұ­мыс жасайды. Жас өнерпаздардың қа­білетін ашуда кәсіби мамандар барын салады. Өз кезегінде үйірме мүшелері концерттік бағдарлама аясында өнерлерін көрсетті. Сонымен бірге, Аманкелді ауылы жайлы әндер шырқалды. «Халықтық» атағы бар «Жадыра» халықтық әжелер ансамблі, «ДО-СИ» вокальді аспапты ансамблі және көркемсөз оқу, би, ән, жыр-терме үйірмесінің қа­тысушылары халық өнерін жандан­дыруға зор үлес қосып келеді.

Семинар-кеңестің екінші бөлімін­де мәдениет саласының мамандары өзара интеллектуалдық сайысқа түсті. Сайыс барысында 4 топқа бө­лінген қатысушылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен мәдениет саласына байланысты сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, жасырылған әндерді тауып, нақышына келтіріп орында­ды. 3 кезеңнен тұратын жарыс нә­тижесінде әділ-қазылар алқасы тең дәрежеде бағалады.

– Жыл көлемінде мәдениет қыз­меткерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында бірнеше семи­нар-кеңес өткізілді. Аталмыш іс-ша­ралардың сала мамандарына берері мол. Үздіксіз ізденісте жүретін өнер адамдарына үйірменің жұмысын же­тіл­діру маңызды. Кез келген үй­ірме арқылы жас талапкердің бағын ашып, үлкен сахнаға шығуына мүм­кіндік туғыза аламыз. Сондықтан Аман­­келді ауылдық мәдениет үйін­де ұйымдастырылған семинар-кеңес үйірме жұмыстарына серпін бере­ді деп сенеміз, – деді аудандық мәде­ниет үйінің әдіскері Гаухар Сәрсен­баева.

Айта кетейік, семинар-кеңес қо­­нақ­тары қылқалам шеберлері мен қол­өнершілердің дайындаған көр­месімен танысты. Ал мәдениет мамандары ауыл әкімі мен мәдениет үйінің директорының «Алғыс хатына» ие болды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
30 қазан 2021 ж. 599 0