Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақынға құрмет

Ақынға құрмет

М.Сақтаповтың туған күніне орай аудандық газет редакция­сы жанындағы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Мүсілім Қалмұратұлы әріптес­те­рінің атынан мерейтой иесін құттықтап, иығына шапан жауып, құр­мет көрсетті.

– Ақынға құрмет көрсету – азаматтық мін­детіміз. М.Сақтапов аудандық газетте ұзақ жылдар еңбек етіп, ауданның рухани-мәдени дамуына айрықша үлес қосты. Ақынның та­рихи-танымдық шығармалары мен аудан тұр­ғындары сүйіп оқитын жалынды жырлары – біздің рухани байлығымыз. Редакция ардагерлерінің және әріптестеріміздің атынан ақын ағамызға зор денсаулық тілеймін. Сізді тоқсанның төрінен, жүз жастың тұғы­рынан көрейік, – деді М.Қалмұратұлы.

Құрмет көрсету іс-шарасында аудандық газеттің бас редакторы А.Ибрагимұлы ізгі ниетін жеткізіп, тілектестігін білдірді. Ақын­ның өлеңдерін оқып, ардагердің өнегелі өмір жолы жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге екенін атап өтті.

Өз кезегінде ақын, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Мұхтар Сақтапов құрмет көрсетіп, ақ тілегін арнаған әріптестеріне алғыс айтып, ақ батасын берді.

Атап өтейік, ақын 2020 жылы аудандық газет редакциясының ұсынысымен Қазақ­станның Құрметті журналисі атанса, былтыр Ел Президентінің Жарлығымен «ҚР Тәуел­сіздігінің 30 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды. Өткен жылы аудандық кітап­хананың «Өлке болып оқимыз жобасы» аясында М.Сақтаповтың өмірі мен шығарма­шылығы жыл бойы насихатталды.

А.СЕЙІЛОВ
08 ақпан 2022 ж. 452 0