Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бесарықтағы бөбекжай

Бесарықтағы бөбекжай

Бала тәрбиесінде ата-анадан кейінгі маңызды рөлді балабақша атқарады. Сон­дықтан биылғы балалар жылына орай аудандық басылымда «Балабақша – бақыт мекені» айдарын ашып, жыл көлемінде аудандағы балабақшалардың бүлдір­шіндерге тәлімді тәрбие беру бағытындағы жұмыстарын ақпараттандыруды қолға алдық. Бүгінгі санда Бесарықтағы «Бөбек» бөбекжай балабақшасына тоқ­тал­мақпыз.

2007 жылы заманауи үлгіде са­лынған бөбекжай балабақ­шасында бүгінде 5 топта 120 бүлдіршін тәр­­­­биеленуде. Олар үшін мектепке де­йінгі білім беру мекемесінде ой­найтын, тамақ­танатын және жатын бөлме­лері, гигиеналық орындары жеке-жеке орналасқан, әрі кең, әрі жарық. Техникалық базасы толығымен жарақ­тандырылған.

Енді ғана айналасын танып, жас жауқазындай жетіліп келе жат­қан бүлдіршіннің көңіл-күйін, жү­ріс-тұ­рысын, тамақтануын, мектеп­ке дейінгі біліммен қамтуын қамта­масыз етуде балабақша тәрбие­ші­ле­рінің еңбегі зор. Бал­дырғандар үшін тәрбиешілердің айтқаны жа­зыл­маған заңмен тең. Бүгінде мұнда 34 қызметкер жұмыс істейді. Тә­жірибелі, білімді мамандар бала тұл­ғасын қалыптастыруда тынымсыз ізденіспен еңбек етуде.

– Жас ұрпақтың сапалы білім алып, болашақ өмірге дағдылануы біз үшін маңызды. Сондықтан бала­бақшаның оқу-тәрбие жұмысы мем­лекеттік жалпыға міндетті білім бе­ру стандартын, мектепке дейін­гі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа алып, оқу тәрбие процестері өз дә­ре­жесінде ұйымдастырылып ке­ле­­ді. Сол негізде балғындардың жас ерекшеліктері мен мүмкін­дік­тері ескеріле отырып, тәрбиелік-танымдық сабақтар берілуде. Бұл ретте балабақша тәрбиешілерінің ең­бегін атап өткен жөн. Балалар­дың ой-өрісін дамытуда күнделікті түрлі іс-шаралар мен бағдарламаларды ұйымдастыруда олар өте белсенді. Әрі ата-аналармен де бірігіп жұмыс жасауға әбден дағдыланған, – дейді балабақша меңгерушісі Гүлжазира Досболова.

Балабақша бүлдіршіндерінің бо­­ла­­­шағын қалыптастыру үшін де ма­мандардың үнемі ізденіс үстінде бол­ғаны дұрыс. Меңгерушінің айтуынша, тәжірибе алмасу мақсатында аудандағы өзге де балабақша тәр­биешілерімен түрлі тақырыпта дөң­гелек үстелдер мен семинарлар жиі өткізіліп тұрады екен. Бұған дейін білім мекемесінде «Мектепке дейінгі білім берудегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік», «Қазақ­стан­дық білім беруде мектепке де­йінгі мемлекеттік жекеменшік се­рік­­тестікті дамытудың бүгінгі проб­лемалары мен болашағы», «Бі­лім-тәрбие жұмыстары бала ден­­­­саулығының жаңаша негіздері», «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәр­биелеу мен білім беру үрдісінде балалардың интеллектуалдық қа­білеті мен ой-өрісін дамыту бары­сында ұйымдастырылған оқу қызметтерінде инновациялық тех­нологиялық тәсілдерін қолдану тиім­ділігі», «Инновациялық техно­логияны қолдану, балалардың ин­теллектуалдық ойлауын дамыту», «Мектеп жасына дейінгі ба­лалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру» тақырыптарында рес­публикалық, облыстық, аудан­дық және аймақтық семинарлар өткізіліп, тәжірибе шыңдаған. Әр­кез жаңашылдыққа бейім ұжым тәр­биешілері мен бүлдіршіндері «Media Bilim» республикалық «Өр­леу» педаго­гикалық шеберлікті дамыту орталығының, «Кемел» өнер-білім орталығының, «Білім нұры» ұлттық қолөнер орталығының, «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орта­лы­ғының байқауларына қаты­сып, ар­­найы ма­ра­­пат­талған. Ал өткен жылы Бес­­арық ауылдық мәдениет үйі­нің ұйым­дастыруымен өткен ме­ке­­ме­аралық сайыста балабақша ұжы­мы «Үздік ұжым» номинациясын жеңіп алған.

Кез келген жас ағашты қалай исең, солай өседі. Осыны білетін бөбекжай балабақшасының ұжымы балдырғандарға білімнің бастапқы негізін беруде барын салуда. Олар­ға ата-ананың айтар алғысы мол.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
08 ақпан 2022 ж. 803 0