Балабақшадағы қос мереке

Өнерлі балалар музыка сүйемелдеуімен жеке әндер, тақпақтар айтты. Зеректігімен көзге түсіп, топтан озған Заңғар Жеңісбек «Бала сұлтаны – 2021» номинациясын иеленді. Ал, Әлшер Асқарбек «Ақылды жігіт», Нұрдәулет Келес «Келбетті жігіт», Мәди Серікбол «Өнерлі жігіт», Нұрәлі Мақсұтұлы «Алғыр жігіт», Бекдәулет Балтас «Шымыр жігіт» номинацияларына ие болды.
Ертеңгілік соңында балалар аудан орталығындағы Мәңгілік алау ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Қос мерекеге арналған ертеңгілік жоғары дәрежеде өтті
.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді халық даналығы. Сол айтқандай, тереңөзектік жеке кәсіпкер Дархан Шағыров балабақшаны жөндеуіне 200 мың теңге қаржы бөліпті. «Бар жақсымыз – балаларға» деп ұғынатын мың болғыр азаматқа балабақша ұжымы дән риза. Кәсіпкердің демеушілігі өзгелерге үлгі болсын дейміз.
Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ