Маған жолама! Аулақ кет!
Жап-жас әйел жаңа туған нәрестесінің күлімдеген көздеріне, жұмақтың жұпарындай тәтті иісіне мас болып мәре-сәре болып отырған. Жүзіне қарайды да, тоймайды. Бір кезде әбден құмары тарқағанша нәрестесінің маңдайынан иіскеп, бетінен сүю үшін еңкейе бастады. Бірақ кенеттен: «Маған жолама! Аулақ кет! Мені құшақтауға ақың жоқ!» деген бір дауыс саңқ ете қалды. Әйел шошып кетіп маңайына қараса ешкім жоқ.
Құдайдың құдіреті! Сөйлеп жатқан нәрестенің өзі екен. Оның сөздері жалғасып жатты: «Әрі кет! Сені көргім келмейді!»…
Әйел бірте-бірте өзіне келе бастады. Бар күшін жинап алып: «Сен сондай тәттісің, қызым! Көріп көзім тоймай отыр. Мауқым басылғанша құшақтау үшін еңкейдім, жаным!»
– Жоқ, мені құшақтамайсың да, сүймейсің де! Сендей ананың барынан жоғы.
– Неге, алтыным? Туыла салып, неге менен сонша безесің, қарағым. Бұл кезде әйелдің көзі жасқа, жүрегі мұңға толып үлгерген еді.
– Ең болмаса, себебін түсіндірсең етті.
– Аз ойлансаң, өзің-ақ табарсың себебін.
Әйел терең ойға шомып кетті. Cол уақытта медициналық үстелде жатқан жерінен көзін ашты. Өзіне келді. Есін жиды. Қасында тұрған дәрігер: «Операция өте сәтті өтті.
Асылбек Әуезханұлы
https://elana.kz/