Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ана өсиеті

Ана өсиеті


Исламға дейінгі кезеңде өмір сүрген Үмамә деген ақылды әйел қызы Үнасты Кинда патшасы Хариспен үйлендіргенде, әлі күнге құны ескіре қоймаған мынадай өсиет айтқан екен:
«Қызым, егер бір қыз ата-анасының байлығы жеткілікті болып күйеуге шығуды қажетсінбейтін болса, онда бәрінен бұрын оған сен лайық болар едің. Алайда өмір заңы басқаша, ер адам қалайша біз үшін жаратылса, әйел де о баста ер адам үшін жаратылған.
Қызым, сен өзіңді туып, аялап өсірген әке-шешеңнің ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара жатырсың. Ендігі уақытта сен күйеуіңе бағынып, оның ризашылығын алып отырғайсың, сонда ол да сенің алдыңда құлыңдай құрақ ұшатын болады. Сен оны сыйлаған сайын ол да сені жақсы көріп қалағаныңды істейтін болады.
Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен оларды бұлжытпай орындайтын болсаң күйеуіңмен ара-қатынасыңда мін болмайды:
  1. Үйге ішіп-жейтін не әкелсе де шын жүрекпен қабыл ал, қанағат иесі бол.
  2. Не істе десе, соны істе, тыйым салған нәрселеріне жолама.
  3. Үй ішін де, үсті-басыңды да таза ұста.
  4. Күйеуіңе жақсы көрінуге тырыс, жақсы иістеріңнен себіне жүр. Ол сенен тыжырынбайтын болсын.
  5. Ұйықтайтын, тамақтанатын кездерін жақсы біл. Ол бұларды қай уақыттарда жасайтын болса сен сол уақыттарда тамағын әзірлеп, төсегін салып қой. Өйткені аштық пен ұйқысыздықтан барып адам ашу шақырғыш келеді.
  6. Күйеуіңнің дүниесін көзіңнің қарашығындай сақта, ысырапшылдыққа жол берме.
  7. Оның абыройын ойла, тума-туыстарына да құрметпен қара.
  8. Оған қарсы шығушы болма.
  9. Күйеуіңнің сырын елге жайма. Қарсы шықсаң, саған деген өшпенділігі оянады, ал сырын елге жайсаң, қиянаттан көз ашпайтын боласың.
  10. Күйеуің қайғырып отырғанда — сен қуанышты болма, күйеуің қуанышты кезде — сен қайғырма»
26 ақпан 2018 ж. 2 317 1

Гость JeaOrer от 4 ақпан 2019 15:52
Levitra Prezzo In Erboristeria buy dapoxetine paypal Soft Chew Viagra Canadian Online Sales Cialis Nebenwirkungen Prostata Zithromax Dose Ciprofloxacin Pricing viagra Purchase Cialis From Canada Vente Cialis Generique Ligne Donde Puedo Comprar Lexapro En Canada Levitra Pas Cher France cialis for sale Female Kamagra Uk Mexican Amoxicillin Amoxicillin And Clavulanate Potassium Nolvadex Utilisation Propecia Uk 1mg Original Priligy Kaufen cialis Antabuse Sales Canadian Amoxicillin Espanol Proper Dose Of Amoxicillin For Dogs Generic Viagra And Cialis viagra Lasix More Drug Uses