Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық сот төрағасы баспасөз конференциясын өткізді

Аудандық сот төрағасы баспасөз конференциясын өткізді

Сырдария аудандық сотының төрағасы Р.Т.Алдамбергенов 2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша онлайн режимде баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясына жергілікті «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторының орынбасары Е.Беркінбаев «WhatsApp» желісі арқылы қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Жалпы 2021 жылдың 12 айында 93 қылмыстық іс 120 адамға қатысты қаралып, оның ішінде 43 іс бойынша 65 адамға үкім шығарылған. 26 іс 27 адамға тоқтатылған, 19 іс соттылығы бойынша жолданып, 5 іс прокуратураға кері қайтарылған. Есепті кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына қатысты 3 жекеше қаулы қабылданған.
Қылмыстық істер бойынша тағайындалған жаза түрлеріне тоқталатын болсақ:
Айыппұл - 4
Қоғамдық жұмысқа тарту - 3
Бас бостандығын шектеу -30
Бас бостандығынан айыру -15
Шартты жаза (ҚК-нің 63 бабы бойынша) - 12 адамға тағайындалған.
Аяқталған істердің санаттарына тоқталсақ,
Онша ауыр емес қылмыс -7
Ауырлығы орташа қылмыс-24
Ауыр қылмыс санатында – 43 іс қаралған.
Аяқталған қылмыстық істердің ішінде ең көп қаралған қылмыс санаты:
- Қазақстан Республикасы ҚК-нің (әрі қарай ҚК) 188-бабы, ұрлық, яни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру- 42 тұлғаға қатысты 31 іс.
-188-1 бап, мал ұрлығы-5 тұлғаға қатысты 5 іс.
ҚК-нің 187-бабымен, ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу – 16 тұлғаға қатысты 15 іс қаралған.
Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 12 айында 457 талап арыз және 12 іс түскен, 2020 жылдан қалдық болып 15 іс қалған.
Есепті кезеңде барлығы 342 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 44 іс бойынша сот бұйрығы, 145 шешім қабылданып, 128 іс өндірістен тоқтатылған. 20 іс қараусыз қалдырылған және 5 іс соттылығы бойынша жолданған. Қаралған азаматтық істер бойынша 7 жеке ұйғарым қабылданған.
Азаматтық істер бойынша ең көп қаралған даулар:
-шарт бойынша міндеттемеден туындаған даулар (банк заем шарты, қарыз ақша өндіру)-104
-неке бұзу-65
-заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы арыздар-37
-кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру жайлы -44
2021 жылдың 12 айында аудандық соттың өндірісіне 195 әкімшілік іс түскен. Түскен әкімшілік істердің ішінде 192 іс 192 адамға қатысты қаралған. 3 іс соттылығы бойынша жолданған, 143 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 49 адамға қатысты тоқтатылған. Қаралған әкімшілік істер бойынша 5 жеке қаулы қабылданған.                                         
Жаза тағайындалғандар (негізгі жаза):
Айыппұл-72
Ескерту-8
Қамаққа алу-59
Көлік құралын басқару құқығынан
айыру-4
Сондай-ақ көлік құралын басқару
құқығынан айыру қосымша жаза ретінде
-17 адамға қолданылған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ең көп
қаралған санаты:
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру -24
Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер-21
Ұсақ бұзақылық -20
-көлік құралын алкогольді масаң күйде басқару-28
Сонымен қатар «Facebook» әлеуметтік желісіне 121 материал жарияланған, бұқаралық ақпарат құралдарына судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің 62 мақалалары 4 пресс-конференция өткізілген, 7 дөңгелек үстел, 35 семинар сабағы ұйымдастырылған.
Аудандық сотпен жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Сот төрағасы Р.Алдамбергенов өзінің жеке парақшасында яғни «Facebook» әлеуметтік желісінде «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі құқықтық жүйе үшін жаңа құжат, қоғамға бетбұрыс жасайтын тың заңнама», «Сот жүйесін жетілдіруге бағытталған құжат», «Татуластыру рәсімі өз нәтижесін беруде», «Неке шарты дегеніміз не? «Дау мұраты-бітім» тақырыбында (посттар) жариялады.
2021 жылдың 12 айында барлығы татуласу тәртібімен - 52 азаматтық іс және медиаторлардың қатысуымен 75 азаматтық іс, 32 әкімшілік іс, 23 қылмыстық іс аяқталған.
Төрағалық етуші қазіргі таңда барлық істер арнайы аудио-бейне жазба арқылы қаралып жатырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Билер кеңесінің көмегімен 51 азаматтық іс тоқтатылды.
Есепті мерзімде әкімшілік істер 100 пайыз, ал аяқталған 93 қылмыстық істің 81 -і электронды нұсқада түсіп қаралған.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» сервисі арқылы 404 талап арыз, 190 әкімшілік іс түскен.
Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы Р.Алдамбергенов қатысушыларға алғысын білдіріп, БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
18 қаңтар 2022 ж. 330 0