Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттар тосқауыл бекетіндегі сақшыларды ыстық тамақпен қамтыды

Депутаттар тосқауыл бекетіндегі сақшыларды ыстық тамақпен қамтыды

Аудандық мәслихат депутаттары Тереңөзек кентіндегі тосқауыл бекетінде тұрған полиция қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетті. Депутаттар қиын кезеңде жұдырықтай жұмылып, ынтымық пен бірлік аясында топтасқанның дұрыс әрі бұл қадам қиындықты жеңудің төтежолы екенін айтады.

«Төтенше жағдай талаптарына сәйкес қабылданған шектеу шараларына түсіністікпен қарап, ортақ тәртіпке бағынуымыз қажет. Бұл – елдігіміз бен егемендігімізді сақтаудың кепілі. Аудан тұрғындарын, әсіресе жастар қауымын арандатушыларға ермеуге, жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамын. Дәл қазір үйде болып, комендаттық тәртіпті қатаң сақтауға тиіспіз. Ең маңыздысы, қалыптасқан ахуал Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Президент заңдылыққа сәйкес нақты әрі қырағы шешімдер қабылдап, бұл тығырықтан елді алып шағады деп сенеміз» деді тосқауыл бекетінде полиция қызметкерлерімен кез дескен аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы.

Аудандық мәслихаттың депута-ты қақтығыстар салдарынан қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтып,

зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектес екенін білдірді. «Біз қиын әрі күрделі кезеңде аудандық мәслихат хатшысымен тікелей байланыс орнатып, қолдан келген көмегімізді аямайтынымызды, елдің тұтастығынан асқан құндылық жоқ екенін айттық. Сонымен қатар күндіз-түні тосқауыл бекетінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп тұрған құқық қорғаушыларды ыстық тамақпен қамтып, қолдан келген көмегімізді көрсетуге даяр екенімізді жеткіздік. Үйден ыстық тамақ, сусындар алып барып, полиция қызметкерлеріне моралдық қолдау таныттық. Әріптестеріміз бұл бастаманы қолдап, ауданның тыныштығын,

тұрақтылығын қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Біз бірлік пен татулықтың, өзара түсіністік пен сенімді диалогтың арқасында қиындықты еңсереміз. Еліміздің болашағы жарқын болатынын, көп ұзамай
қалыпты тіршілік орнайтынына сенеміз» деді А.Ибрагимұлы.

Айта кету керек, аудандық мәслихаттың барлық депутаттары кентте және ауылдық округтерде тиісті әкімшілік аумақтың басшыларымен бірлесе елді ынтымақ пен бірлікке, коменданттық талаптарды қатаң сақтауға, дәлелденбеген жалған ақпараттарға сенбеуге шақыруда.

Гүлсім ӘЛЖАНОВА 
11 қаңтар 2022 ж. 384 0