Тәртіпке бағынуымыз қажет

Соңғы күндері еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалар салдарынан біраз азаматымыздан айрылып қалдық. Оның ішінде антына адал, сертіне берік күштік құрылым қызметкерлері, әскерилер де бар. Соған байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Осы ретте "Jas Otan" Жастар қанатының Сырдария ауданындағы мүшелерінің атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектеспіз.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
"Jas Otan" ЖҚ Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты