Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Кезекті сессия өтті

Кезекті сессия өтті

Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті 5 сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Талғат Дүйсебаев, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов және карантиндік талаптарға сәйкес аудандық мәслихат депутаттары мен ауыл әкімдері онлайн қатысты. Сессияға аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы төрағалық етті. Сессияның күн тәртібінде 7 мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашылар тыңдалып, мәселелер кеңінен талқыланғаннан кейін тиісті шешімдер қабылданды. Өз кезегінде аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов аудандағы эпидахуалдың өте күрделі екенін айтып, тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау жұмыстарын түсіндіруге бір кісідей жұмылу қажеттігін жеткізді.

Сессия барысында аудан әкімі Т.Дүйсебаев сөз сөйлеп, биыл ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілетініне назар аударып, жұмыстардың сапалы атқарылуына тұрақты бақылау жүргізу керектігін атап өтті. Осы жұмыстарға халық қалаулылары атсалысатынына сенім білдірді.
28 сәуір 2021 ж. 776 0