Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Атқарған қызметі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды

Атқарған қызметі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және "Жаңа жыл" мерекесі қарсаңында елді мекенде ерекше естен кетпейтін естелік орын алды.

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының әдіскер-салықшысы Камытова Улбике Дауршханқызы елді мекеннің дамуы жолында адал қызмет атқарып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Қызылорда облыстық салалық кәсіподақ комитетінің "Құрмет грамотасымен" арнайы ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиев марапаттады.

Улбике Дауршханқызы - көптеген жылдар бойы Аманкелді ауылдық округінің қарыштап дамуына, әлеуметтік-экономикалық өсуіне және қаржылық дағдарыстың болмауына өз септігін тигізіп келеді.

Әрдайым жас мамандарға салиқалы ақылын айтып, жұмыс тәжірибесімен бөлісіп отырады.

Құрметті Улбике Дауршханқызы!
Өзіңізге деген елдің құрметі ерекше. Әркез менің ауылым деп шарқ ұрдыңыз. Елге деген қызметіңізді бәріміз білеміз.

Отбасыңызға бақыт, деніңізге саулық тілейміз.

Көзіңізге көрінген көз қуаныштарыңыздың қуанышына тоймай жүре беріңіз.

Тағы да марапатыңыз құтты болсын!

04 қаңтар 2022 ж. 266 0