Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар балық аулаудан бақ сынады

Жастар балық аулаудан бақ сынады

Өткен аптада Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ауыл жастары арасында балық аулаудан сайыс өткен болатын.
Елді мекеннің белсенді жастары көл жа­ға­сына жиналып, қармақпен балық аулады. Бұл ретте, ауыл әкімі Мейрамбек Қылыш­бекұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Балық аулау сайысы ауылымызда са­ни­тарлық та­лаптарды сақтай отырып ұйым­дастырылып отыр. Жарыс барысында балық аулаудың қыр-сырын жастарға үйретуді көз­дейміз. Жазғы демалыс уақытында ба­ла­лардың уақытын тиімді пайдалануы маңыз­ды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында түр­лі іс-шарала ұйымдастырылуда. Өз кезе­гінде жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді ауыл әкімі.
Қармаққа іліккен балықтың салмағы мен өлшеміне қарай қазылар алқасы жүлделі орындарды белгіледі. Жарыс қорытындысы бойынша қарсыластарына қарағанда қысқа уақыттың ішінде бірнеше балық аулаған Нұрдәулет Төлепберген жеңімпаз атанып, бірінші орынға ие болды. Ал Жандос Намарат екінші орынға қол жеткізді. Сайыстың ең жас қатысушысы Нұркелді Нұрболатұлы үшінші орынды қанағат тұтты.
Ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиевпен бірге аудандық мәслихат депутаты Зейнұр Қайраддинұлы ептілік пен қырағылықты қажет ететін сайысты тамашалап, жеңім­паз­­дарды бағалы сыйлықпен марапаттады.
Айта кету керек, кең көлемді өткен іс-шараға ауыл тұрғындары Руслан Смағұлов, Сәулебек Жусупов, Алмат Бағдатов, Перизат Мүбаракова, Мақсұт Құтышев демеушілік көрсетті.

Аманкелді ауылдық округі әкімі аппараты
01 қыркүйек 2021 ж. 430 0