Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті

Апта ағымында облыс әкімінің орынбасары Балжан Шаменованың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Мәжіліске комиссия мүшелері мен тиісті сала және білім беру ұйымдарының басшылары, құқық қорғау органдары, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, балалар қауіпсіздігі мен жарақаттану жағдайлары, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары қаралды.

Комиссия отырысында Қазалы, Қармақшы аудандары мен Қызылорда қаласы әкімдері орынбасарларының атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды. Сондай-ақ, бірқатар басқарма мен полиция департаменті, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері жыл бойы жасалынған жұмыстар бойынша есеп берді.

Жиын соңында 2022 жылдың жұмыс жоспары, алдағы мақсатты жұмыстар талқыланып, комиссия төрағасы Балжан Мөрәліқызы мемлекеттік органдар мен аудан, қала әкімдіктеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
31 желтоқсан 2021 ж. 471 0