Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарды дұрыс жолға тәрбиелеу маңызды

Жастарды дұрыс жолға тәрбиелеу маңызды

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы жақында бейнеселекторлық байланыс режимінде облыс әкімдігінің «Ахуалдық орталығының» мәжіліс залында өткізілді. Комиссия отырысына Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Әлібаев Талғат Айтбайұлы және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары Ыдырыс Сәкен Олжабайұлы қатысты.

Комиссия отырысында «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу бағытындағы  профилактикалық шаралар», «Суицидтік мінез-құлқы бар «тәуекел тобындағы» балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету кезінде білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының өзара іс-қимыл алгоритмінің іске асырылуы», Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің мәдениет және өнер мекемелеріне қолжетімділігі туралы», «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиялардың  есебі», «Қызылорда облысының полиция департаментінің  ұсыныстары» тақырыптары қаралды.


Облыстағы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар мен оларға қарсы жасалған қылмыстардың орны алу себептері, қазіргі ахуал, атқаруға тиісті ұсыныстар бойынша  облыс прокурорының бірінші орынбасарыТ. Әлібаев талдау жасады.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлім басшысы Е. Жукашев   кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған есептегі адамдар туралы мәліметтерді жариялау және оны жариялаудан алудың тәртібі бойынша жан-жақты ақпарат берді.

Сондай-ақ,  суицид мәселесі бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сәбит Бексеитұлы, мәдениет және өнер мекемелерінің білім беру ұйымдарымен байланысы туралы  Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Наурызбаева  НұршатБегежанқызы хабарлама жасады.


Комиссия отырысында Қызылорда қаласы, Қармақшы, Жалағаш аудандары әкімдері орынбасарларының есептері тыңдалды.  Комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.
23 қараша 2020 ж. 454 0