Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

№ 28 газет

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мемлекет қолдауы нәтиже беруде

Мемлекет қолдауы нәтиже беруде

Үкімет емес ұйымдар облыста еріктілер жұмысын жетілдіруге, таланттар фабрикасын құру идеясы мен жас ғалымдардың дамуына жағдай жасауға ерекше мән бермек. Бұл бастама жақында өткен «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы» атты оныншы Азаматтық форумында қозғалды.

Азаматтық қоғамы ілгерілемеген елдің заман талабына, уақыт сұранысына сай дамуы қиын. Сондықтан, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қадағалау, бақылау жасауда қоғам өкілдерінің белсенді болуы маңызды.

- Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде қоғамдық ұйымдардың жұмысы жүйеленді. Қазір олардың саны да едәуір өсті. Бастысы бәсекелестік артты. Біз қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарға бағыт-бағдар беріп, әрбір шараның түпкі мақсатына жеткізу қажеттігіне кеңес береміз. Әсіресе, аудандық жердегі әріптестерімізге қолдау көп қажет етеді. Форумда осы мәселені көтердік. Әкімдерге ұсынысымызды жеткіздік. Яғни, қоғамды ілгерлету үшін бірлестіктердің өзі мықты болу қажет. Сонда ғана ауылдағы таланттарға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылығын дамытуға, тың жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік туады, - деді «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі қауымдастығының төрайымы Анар Ізден.

Расында қоғамның тұрақты дамуына, мәселесін шешуде ҮЕҰ елеулі үлес бар. Тұрғындардың денсаулығын, қоршаған орта экологияны жақсартуда, мемлекеттік тілдің рөлін күшейтуде белсенділігін көрсетіп келеді. Сонымен қатар, өңірімізде ғылым саласында өз пікірі, өз даму перспективасы бар қоғамдық бірлестіктер де жұмыс жасауда.

- Тәуелсіздік алғанға дейін елімізде 50 мыңнан астам ғылыми қызметкер болатын. Бірақ тұрмыстық жағдайға байланысты көпшілігі басқа салаға ауысты. Біздің аймақта 2009 жылдан бастап жергілікті университет басшылығы өзге өңірлерге жас ғалымдарды аспирантураларға оқуға жіберіп, ғылыми орта қалыптастыруға жол ашты. Міне, сол кезден бастап қайта жаңғыру басталды. «Жас ғалымдар альянсы» осы жылдары құрылды. Нәтижесінде көп жұмыстар жүргізіліп, ғалымдар мемлекеттік сыйлықтар мен премияларға қол жеткізе бастады. Бүгінде бәсекеге қабілетті жастар көбейіп, мемлекет тарапынан қолдаулар нәтиже беріп келеді, - деді «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрбол Аппазов.

29 желтоқсан 2021 ж. 211 0