«Рfizer» вакцинасы келісім бойынша салынады

«Рfizer» вакцинасы өз еркімен жүкті әйелдер мен ата-аналарының келісімімен жасөспірімдерге салынуда. Қазіргі таңда ауданға «Рfizer» вакцинасының І компоненті 1020, ІІ компонентін 660 дозасы келген болатын. Аудан бойынша аталмыш вакинаның І компонентін 742 бала мен 110 ересек адам қабылдады. Ал ІІ компоненті 156 бала, 84 ересек кісіге егілді.
Вакцина егілген тұрғындардан денсаулығына байланысты шағым түскен жағдайда медицина қызметкерлері кінәратты анықтап, дер кезінде көмек көрсетеді. Көпшілікті әбігерге салған коронавирусты түбегейлі өмірімізден жоғалту үшін барынша сақтанған абзал.
Гүлсім ТҰСМАҒАНБЕТОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы