62 мыңнан астам бала вакцина қабылдады
Елімізде 12-17 жас аралығындағы балаларға «Pfizer» компаниясының Comirnaty екпесін салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 62 мыңнан астам бала вакцина қабылдаған. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.
Вице-министр Comirnaty вакцинасы республикаға апта сайын жеткізіліп жатқанын атады.
– Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келіп түсті. Бүгінгі күні 62 мың 707 бала және 17 мың 015 жүкті және бала емізетін әйел егілді. Вакцинаны жеткізу апта сайын жалғасуда, – деді бірінші вице-министр М.Шоранов.
Оның дерегінше, вакцинаның 1-ші компоненті 8,7 млн-нан астам адамға салынды, яғни егілуге тиісті халықтың 76,6 пайызы немесе жалпы халықтың 46,2 пайызы қамтылды. Екінші компонентпен тиісті халықтың 70,8 пайызын немесе жалпы халық санының 42,7 пайызын қамти отырып, 8 млн-нан астам адамға екпе салынды.
Ал аудан бойынша 2021 жылдың 30 қарашасындағы мәлімет бойынша, Comirnaty вакцинасының 660 дозасы (І компоненті) жеткізілген. Сырдарияықтар аталған екпенің 336 дозасын қабылдаған. Оның ішінде, 230 балалар, 94 жүкті және 12 емізулі сәбиі бар әйелдер салдырған.
Е.БЕРКІНБАЕВ