«PFIZER» екпесі егілуде

Жалпы, «Pfizer» екпесін балалармен бірге жүкті және бала емізетін әйелдер де ала алады. Жүкті әйелдер аталған екпені 16 аптадан 37 аптаға дейін салдырады. Сонымен қатар, емізетін әйелдер босанғаннан кейін 42 күннен кейін вакцина салдыруға болады. Медицина мамандары «бұл вакцина тірі емес, сол себепті сүт арқылы берілуі немесе бала жолдасы арқылы берілуі мүмкін емес» дегенді алға тартады.
Қазіргі таңда еліміз бойынша балалар, жүкті және емізетін әйелдерге екпе салынуда. Атап өту керек, 12 жастан асқан балаларды вакциналау ерікті және ата-аналардың рұқсатымен ғана жүргізіледі. Жасөспірімдердің ата-аналары қалауы бойынша вакцина егу жұмыстарына қатыса алады. Екпенің екі компонентін қабылдаудың аралық уақыты 21-28 күнді құрайды.
Ауданға «Pfizer» екпесінің 120 дозасы жеткізіліп, 17 қарашадан бастап вакциналау жұмыстары жүргізілуде. Жеткізілген вакцинаның І компонентін бүгінде 30 студент, 5 жүкті және 1 емізетін әйел қабылдаған. Медицина мамандары екпе қабыладғандарды 30 минут бақылауда ұстап, кейіннен 3 тәулік уақыт бойына ата-аналарына хабарласу арқылы жағдайы бақылауда болатынын айтады.
«ТТ» ақпарат