Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «Рfizer» вакцинасы 2602 адамға егілді

«Рfizer» вакцинасы 2602 адамға егілді

Облысымызда 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті әйелдермен бала емізуші әйелдерге арналған «Pfizer» вакцинасын егу басталған болатын. Қазірде облысымызда «Pfizer» екпесі 2602 адамға егілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында №1 қалалық емхананың эидемиолог дәрігері Райхан Кәметова хабарлады.

Алғашқы болып медициналық колледждің студенттері екпе алуды бастады. Қазірде өз еркімен жүкті әйелдер мен ата-аналарының келісімімен жасөспірімдерге вакцина салынуда.

-№1 қалалық емханада қазірде 3 жүкті әйел және 12-17 жастағы 359 жасөспірім аталған вакцинаны алды. Екпені 16-37 апталық жүкті әйелдер және босанғаннан кейін 42 апта асқан аналар ала алады. Вакцина қабылдаған жүкті әйелдер мен жасөспірімдер 3 күн біздің бақылауымызда болады. Қазірде бәрінің жағдайы жақсы, ешқандай шағым келіп түспеді,-деді Райхан Ханзуллақызы.

№1 қалалық емхананың терапевт-дәрігері Аяжан Сүлейменованың айтуынша, «Pfizer» вакцинасы жеңілдетілген вакцина түрі. Ол жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге вирусқа қарсы арнайы антидене қалыптастыруға көмек береді.

25 қараша 2021 ж. 475 0