Ел еркіндігі – егемендік
Еңселі егемендікке қол жеткізіп, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызға мерейлі 30 жыл толды. Осы мерзімде бірлігі жарасқан іргелі Қазақстан болашаққа айқын бағдармен дамуға бет алды. «Мәңгілік Ел» идеясына топтасқан халық тәуелсіздік жылдарында толассыз табысқа жетіп, тұғырлы елдер қатарына енді. Бағынбастай көрінген асуларды бағындырып, мызғымас бірлігімен, тұрақты татулығымен төрткүл дүниеге танылды. Түптеп келгенде, мұның бәрі қазаққа ғажап құт болған азаттықтың арайлы 30 жылында жеткен толағай жетістіктер.
«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда Тәуелсіздік қадірін әркім білуі қажет. Сол үшін де оған зор жауапкершілікпен қарап, мерейлі мереке ұлылығын ұғынуымыз тиіс. Аудандық мәдениет үйінде өткен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында осы бір ел егемендігінің еңселі, ең қастерлі құндылық екені дәріптелді. «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты мерекелік салтанатта Мемлекеттік Туға теңелген жұртшылықтың қолын кеуде тұсына қойып, Мемлекеттік Гимнді орындағаны осыған дәлел болса керек.
Аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов қатысқан салтанатты іс-шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев көпшілікті мерекемен құттықтады.
– Халқымыздың ақ тілеуімен осыдан 30 жыл бұрын азаттықты аңсаған ел арманы орындалды. Қазақстан төрткүл дүниеге өз Тәуелсіздігін жариялады. Өз Көшбасшысын таңдау арқылы Тәуелсіздігімізді баянды етуге біркісідей жұмылды. Еліміз отыз жыл ішінде үлкен тарихи табыстарға жетті. Кездескен қиындықтарда шын болаттай шыңдалды, жаңа жағдайларға бейімделудің үлгісін көрсетті. Жеріміздің шекарасы шегенделді. Ел тірегі – жаңа астанамыз бой көтерді.
Ел мақтанышы болған Нұр-Сұлтан қаласы әлемдегі 56 елдің басын қосатын Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, 60-қа тарта мемлекетті біріктіретін Ислам ынтымақтастық ұйымы секілді Қазақстан төрағалық еткен беделі биік басқосулардың ордасына айналды. Тәуелсіз еліміздің аяғына тік тұрып кетуіне Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор. Өйткені, кеңестік жүйе күйрегенде отауы бөлінген он бес мемлекет – алдағы тағдырына алаңдаулы еді. Сол сәтте Қазақстанның тағдыры Тұңғыш Президенттің қолында тұрды. Ұлт Көшбасшысы халқын адаспас жолға бастады. Оған нақты дәлел, еліміз ғасырға бергісіз жолды жүріп өтті, биік белестерді бағындырды, жемісті жетістіктерге жетті. Бүгінде Елбасы салып кеткен сара жолды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі жалғастыруда. Шындығында, іргетасы мықты отаудың қашан да еңсесі биік болмақ, түтіні түзу ұшпақ. Қазір 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын еліміз береке мен бірліктің мекеніне айналды. Бүгінде бейбітшіліктің бесігіне, саяси тұрақтылықтың мекеніне айналған Қазақстан – әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің құрамына енуді мақсат еткен іргелі мемлекет, – деген аудан басшысы осы мерейлі отыз жылдықтағы серпінді Сырдария ауданының даму көрсеткіштерін атап өтті.
Құттықтаудан соң аудан әкімі ел дамуына, оның ішінде ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады. Атап айтқанда, «Тәуелсіздікке 30 жыл» мерекелік медалімен, республикалық «Ел құрметі» қоғамдық қорының «Еңбек даңқы» медалімен және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» сала мамандары марапатталды.
Мерейлі мерекеде аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан Абдолла Атақаев, Нұрлан Оразбек, Дархан Ералиев, Қалдыбек Айтбаев, Расул Есенов, Марат Бисенов, Нұркен Бақытбекұлы, Александра Венецевна және Күлбарам Әбілова Сырдария ауданының «Құрметті азаматы» атанды.
Салтанатты жиында аудан әкімінің ықылас гүлі қойылып, ауданның көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Арнау өлеңдер, халық әндері шырқалды.

Ердос БЕРКІНБАЕВ