Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аманкелділік тұрғын қоныс тойын тойлады

Аманкелділік тұрғын қоныс тойын тойлады

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Аманкелді ауылының тұрғыны қоныс тойын тойлауда. Жанашыр ауыл тұрғындары тұрмысы төмен отбасыға көмек қолын созып, бірігіп қаржы жинап, үйдің кілтін табыс етті.

Ауыл тұрғыны, аз қамтылған отбасы Загипа Еменбаеваға үй алып беру туралы ауыл әкімдігі ауыл тұрғындарына ұсыныс білдірді. Осы ұсынысты құптаған ауыл тұрғындары үйі апаттық жағдайда деп танылған З.Еменбаеваға Аманкелді ауылының Құм жағалау көшесіндегі тұрғын үйді сатып алып беріп, Тәуелсіздік мерекесіне тарту ретінде отбасыға үлкен қуаныш сыйлады.

– Ауылымыз көркейіп, дамып келеді. Жыл бойына ауқымды жұмыстар атқарылуда. Міне, осындай елде тұрып біз тұрғындарға әркез қолдау білдіруіміз керек. Осы мақсатта ауыл тұрғынын баспанамен қамтамасыз етуге жұмылдық. Бұл бәріміз үшін ерекше қуаныш, – деді ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиев.

Жақсылыққа ұмтылған жандар мен барлық ауыл тұрғындарына зор алғыс білдіреміз!

02 желтоқсан 2021 ж. 292 0