Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жастармен кездесу өтті

Жастармен кездесу өтті

Сырдария АПб-нің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы,   полиция лейтенанты Нұрбол Байжанов аудан орталығында орналасқан Сырдария агротехникалық колледжінде білім бөлімі қызметкерлері, көп балалы аналар, мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп әйелдерге қатысты «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында әйелдің құқығын, еркіндігін, заңды мүдделерін қорғау жөнінде дөңгелек үстел өткізді.


Іс-шараның негізгі мақсаты - зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсету, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар халық арасында түсіндіру жұмысын өткізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
26 қараша 2021 ж. 534 0