Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қор жеткілікті, баға тұрақты

Қор жеткілікті, баға тұрақты

Жылу беру маусымында облыстағы әлеуметтік нысандарға 33,3 мың тонна көмір қоры қажет. Бүгінгі күні жалпы қажеттіліктің 98 пайызы яғни 32,6 мың тоннасы әкелінді. Ал, тұрғындарға қажетті 140,4 мың тонна көмірдің 97 пайызы жеткізілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

«Қазіргі таңда облыстағы барлық көмір қоймаларында 2 630 тонна көмір қоры бар.Бұдан бөлек, өңірге 156 вагон яғни 10 920 тонна көмір жеткізілмек. Көмірдің бағасы маркаларына және елді-мекен қашықтығына байланысты, қала және аудан орталықтарындағы көмір қоймаларында тоннасы 14,4 мың мен 18 мың теңге аралығында тұрғындарға сатылуда», - деді басқарма басшысы Ерлан Мақсотұлы.

Бүгінгі таңда облыс бойынша көмір сатумен 30 кәсіпкер айналысады. Оның 24-і өңірлік оператор ретінде белгіленген.

«Көмір бағасының өсімін алдын алу мақсатында көмір сатушы кәсіпорындармен барлығы 19 екі жақты меморандум жасалынды. Меморандумға сәйкес көмір бағасы 13 мың теңге мен 18 500 теңге аралығында сатылмақ. Сонымен қатар, облыс әкімдігі көмірді тауарлық биржалар арқылы сатып алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде», - деді сауданы дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Шырынбеков.

26 қараша 2021 ж. 533 0