Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық қор есебінен 30 тұрғын үй салынуда

Ұлттық қор есебінен 30 тұрғын үй салынуда

Азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі - күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта Жалағаш ауданында аз қамтылған көп балалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 30 тұрғын үй сатып алуға ҚР Ұлттық қорынан 277 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда тиісті жұмыстары атқарылуда.

Биылғы жылы аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 426 адам тіркелген.

Жалағаш кентінің өсу динамикасына сәйкес «Ақтерек» тұрғын үй салу аумағына инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттар дайындауға облыстық бюджеттен 64 млн. теңге қаралып, жоба-сметалық құжаттар әзірленуде.

Сонымен қатар, жеке тұрғын үй салушылар қатары жыл сайын артып келеді. Жеке сектор есебінен ағымдағы жылдың 9 айында жалпы алаңы 12 297 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға артты.

Аудан орталығындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. 2020 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 6,0 млн. теңгеге Жалағаш кентіндегі 5 көппәтерлі тұрғын үйге (Қазыбек би көшесі №34, №46, Желтоқсан көшесі №2, М.Шәменов көшесі №76, №78) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленді. 2022 жылға қаржыландыруға ұсынылып, мақұлданып тұр. Жоба құны 43 млн. теңге.

Сонымен қатар ағымдағы жылы демеушілердің көмегімен 8 көппәтерлі үйлердің қас беттеріне сырлау-әктеу жұмыстары жүргізіліп, 6 үйдің шатыры ауыстырылды.
25 қараша 2021 ж. 393 0