Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы дамып келеді

Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы дамып келеді

Сырдария ауданының биылғы бюджет қазынасы 12,6 млрд.теңгені құрады. Оның 63 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. 2021 жылдың есепті кезеңінде ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 7 млрд.теңгенің өнімін өндіріп, өңдеу саласы өткен жылмен салыстырғанда 60,0 пайызға артқан. Сондай-ақ, ауданның ауыл шаруашылығы саласы да ұлғайып келеді. Айталық, биыл осы сала 20 млрд.теңгенің өнімін өндірген. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.


«Аудан аграрлық болғандықтан ауыл шарашылығы дақылдарынан дәнді, майлы дақылдар, бақша, көкеніс өнімдері және ет пен сүт бағытындағы мал өсіріледі. Биылғы жылы ауданымызда 33 220 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Сондай-ақ, ауданда 133,6 мың тонна күріш салысы жиналды. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде құны 2,4 млрд.теңгені құрайтын 500-ге жуық жобаға қолдау көрсетілді. Тиісінше 450-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Тағы бір айта кететін жәйт, жыл басында 1 149 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған болатын. Бұл көрсеткіш артығымен орындалып, 1185 жаңа жұмыс орны құрылды. Бүгінгі таңда аудан бойынша 2611 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркеліп, оның 2434-ті жұмыс істеп тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,0 пайызға өскенін көрсетеді», - аудан әкімі Мұрат Нәлқожаұлы.

Айта кететін жәйт, Сырдария ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 480 шақырымды құрайды. Бүгінде аудандық маңызы бар жақсы жолдардың үлесі 92 пайызға жеткен.
19 қараша 2021 ж. 581 0