Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыста электр энергиясына шектеу тоқтатылады

Облыста электр энергиясына шектеу тоқтатылады

Өздеріңізге белгілі, облыста электрмен қамту жүйесінде арнаулы шектеулер қойылған болатын. Енді ертеңнен бастап шектеулер алынып тасталады. Облыс тұтынушылары электр энергиясымен толық қамтылады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

«Айта кету керек, 3 қарашадан бастап облыс бойынша тәулігіне орташа есеппен 30-50 мегават аралығында электр энергиясының жетіспеушілігі (дефицит) орын алды. Соның салдарынан күнделікті кешкі сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін тұтынушыларға электр энергиясы шектеліп беріліп келді. Атап айтқанда, электр энергияның жетіспеушілігінен 6 аудандағы 58 ауылдық елді мекеннің 15 мыңға жуық абоненттеріне шектеулер қойылды. Осы мақсатта, Энергетика министрлігі мәжіліс өткізіп, Жамбыл ГРЭС-тің 3 және 4 блогын іске қосуға шешім қабылдады», - деді басқарма басшысы.


Нәтижесінде, ертеңнен бастап жалпы оңтүстік өңір оның ішінде Қызылорда облысы электр энергиясымен толықтай қамтамасыз етілмек.
10 қараша 2021 ж. 453 0