Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада жарық неге өшті?

Қызылордада жарық неге өшті?

Үстіміздегі жылдың 16 наурызы күні кешқұрым шаһар мен облыстың бес ауданында 220 кв кернеуінің күрт төмендеуінен электр энергиясы ажыратылған. Өңірдің электр тарату торабында апаттық жағдай орын алған жоқ. Жарық кезең-кезіңімен беріліп, таңғы 08:30-ға дейін толықтай қалпына келтірілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

- Кеше әлеуметтік желілерде «Қызылорда жылу электр орталығында» апатты жағдай орын алды деген ақпарат жалған. Алайда Жамбыл облысындағы «KEGOC» ұлттық операторының 220 кВ желісінде апат болған. Сол себепті оңтүстік өңірлерде жарық сөнді. Қазіргі уақытта шектеу алынды, электр энергиясы қалпына келтірілді. Осы жағдайға байланысты комиссия құрылып, ағытулардың себебін тексеруде ,- деді «KEGOC» АҚ-ның өкілі Тілеуберген Қаныбетов.
17 наурыз 2021 ж. 903 0