Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «IQANAT» олимпиадасы үздіктер анықталды

«IQANAT» олимпиадасы үздіктер анықталды

Кеше №36 Ә. Тәжібаев атындағы мектеп-лицей базасында санитарлық талаптарды сақтай отырып, 8 сынып оқушыларына арналған «IQANAT» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.

Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру,
математика, физика, гуманитарлық, тіл пәндеріне қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған олимпиаданы «IQANAT білім беру» қоғамдық қорының Қызылорда облысы бойынша кординаторы Байназарова Райкүл Мансурқызы ашып, барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып,І кезеңнен сәтті өтулеріне тілектестігін білдірді.

«IQANAT» олимпиадасына аудан бойынша 450 оқушы қатысып, бақ сынады. Олимпиада 4 аймақ бөлінісінде №36,№37,№42 мектеп – лицей және №130 орта мектеп базаларында өткізіліп, оқушылар 2 бағыт бойынша (жаратылыстану және гуманитарлық) тест тапсырмаларын орындады.

1 аймақ: №36 мектеп – лицей базасында - 202 оқушы (№36,№35,№210,№126,№131,№137,№135 мектептер қамтылды).

2 аймақ:  №37 мектеп – лицей базасында - 151 оқушы (№37,№44.№129,№132)
3 аймақ: №130 орта- мектеп базасында – 35 оқушы (№130.№191)
4 аймақ: №42 мектеп – лицей базасында – 62 оқушы (№42,№174,№147,139)

Тапсырма орындауға барлығы 80 минут уақыт беріліп, ережеге сәйкес кезекшілер тарапынан бақыланды.
Жүйелі дайындық пен тынымсыз еңбектің арқасында олимпиадаға қатысып жатқан оқушыларымызға сәттілік жолдас болғай!
05 қараша 2021 ж. 613 0