Сырдариялық спортшылар – жеңіс тұғырында
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Алтын күз-2021» ауыл спортшыларының облыстық спартакиадасына қатысушы спортшыларды қабылдады.
Шараға денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айгерім Мешітбаева, спортшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Бүгінде аудан спортшылары республикалық және халықаралық чемпионаттар мен турнирлерде алдыңғы қатардан көрінуде. Бұның барлығы спорт саласы қызметкерлерінің жүйелі жұмыстарының нәтижесі екендігі сөзсіз. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала және мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты болып табылады.
«Алтын күз – 2021» мерекесі қарсаңында Жаңақорған ауданында ту тіккен ауыл спортшыларының ХХХІV облыстық спартакиадасында спорттың 15 түрінен 150-ден аса спортшы аудан намысын қорғап, ұпай саны бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларға аудан әкімі алғысын білдіріп, сый-сияпат көрсетті. Сонымен қатар көгалдағы хоккей спортының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Сұлтан Қобландин аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлына арнайы «доптаяқты» сыйға ұсынды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Сырдария ауданында спортты дамытуға үлкен қолдау жасалуда. Бұқаралық спортты дамытумен қатар жаңадан спорттық нысандар бой көтеруде. Бүгінде орталық стадионда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ел спортына деген қолдаудың арқасында бұл саладағы жетістіктер одан әрі еселене берері сөзсіз.