Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Спортшыларға құрмет көрсетілді

Спортшыларға құрмет көрсетілді

Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев «Ақ бидай» облыстық ауыл спортшыларының спартакиадасына қатысушы аудан спортшыларын қабылдады. Қабылдауда облыстық жарыста жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орын иеленген спортшыларға құрмет көрсетілді.

Аудан әкімі бұқаралық спортты дамыту күн тәртібінен түспейтінін, спортшыларға қажетті қолдау іс-шаралар жүргізіле беретінін атап өтті.

– Елбасының 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес, тамыздың үшінші жексенбісі «Спорт күні» деп белгіленді. Бүгінгі таңда халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту мемлекет үшін маңызды мәселе. Ең бастысы, халықтың қозғалыс белсенділігін арттырып, бұқаралық спортпен шұғылдануына аса мән беруіміз қажет. Қазір аудан тұрғындарының 30,1 пайызы спортқа ден қойған, яғни 11 875 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданып келеді. Ауданымызда спортшыларды қолдау бағытында тиісті шаралар қолға алынып, нәтижесінде спортшыларымыз облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардан үнемі жоғарғы жетістіктермен оралуда. Сіздер де сол жеңісті жолды жалғап, жеңістің биік шыңынан көрініп отырсыздар. Мұндай жеңістер еңбекпен және қажырлы күшпен келеді. Намысты қолдан бермей, ауданымыздың атын шығарғандарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіремін, – деген аудан басшысы Оразбек Медетбаев, Гүлжазира Нұрпейісова, Гүлсара Искакова, Сайора Умаркулова және Нұрсұлу Маханованы Алғыс хатпен марапаттады.

Өз кезегінде гір тасын көтеруші О.Медетбаев көрсетілген құрмет пен қолдауға алғысын айтып, спорт саласын дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

19 тамыз 2021 ж. 613 0