Әріптес мерейі

Озаттар арасында біздің әріптестеріміз де бар. Атап айтар болсақ, «Тіршілік тынысы» газеті редакторының орынбасары Ердос Сәрсенбекұлы ауданның тыныс-тіршілігін журналистік шеберлікпен насихаттап, ауыл еңбеккерлерінің атқарып жатқан игі істерін аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарық көруіне ықпал еткені үшін аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде ауыл шаруашылығы саласын ақпараттандыруға үлес қосқаны үшін «Шаған Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері Майя Бақытжанқызы «Үздік жылдың блогері» номинациясы бойынша наградталды.

Осы ретте, мәртебе биігінен көрінген әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз. Ортақ абырой жолында үлкен еңбектің үлгісін көрсеткен әріптестерімізге қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын демекпіз.
Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ