Сырдария еңбеккерлері алтын күз мерекесін тойлады

Сырдариялық шаруалар алтын күз мерекесін жәрмеңкемен бастады. Мұнда ауылшаруашылық дақылдарының барлығы қойылған. Базар бағасынан төмен бағада ұсынылды.
Мұнан соң салтанатты мереке аудандық мәдениет үйінде жалғасты.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев дархан да жомарт күздің молшылық мерекесі «Алтын дән – 2021» салтанатты жиынын ашып, еңбек озаттарын марапаттады.
Олардың ішінде озат бақша өсірушілерден бастап, үздік комбайн жүргізушілері, үздік астық тасымалдаушылары бар.
Мәдениет үйіндегі егінжай ерлерінің құрметіне арналған мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.