Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын айтты

Елдің солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ пен бұрқасын болжанып отыр.

Республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр мен қар жауады. Қазгидромет мәліметінше, елдің батысы мен оңтүстігінде ғана күн ашық болады.

«Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын, ал облыстың оңтүстік-шығысында 15-25 м/с жел болжануда. Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді», – деді синоптиктер.

Павлодар облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 23 м/с дейін барады, солтүстігінде көктайғақ болады, бұрқасындатады. Түнде және күндіз Қарағанды облысында көктайғақ, бұрқасын болады, жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, солтүстігі мен орталығында, Ақтөбе облысының батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында тұман болжанып отыр.

Жамбыл облысының тауды аудандарында – 15-20 м/с жел, түнде және таңертең – тұман.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт, оқта-текте жауын (жаңбыр, қар), тұман күтілуде. Күндіз температура: +1+3°C, күн бұлтты. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

Алматы мен Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +13..+15°C, түнде 2-4 градус жылы.

31 қазан 2021 ж. 278 0