25 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің бірқатар аймағында жауын-шашын болып, солтүстік өңірлерге қар жауады. Кей жерлерде ызғырық жел соғып, тұман түседі. Көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, кейде секундына 30 метрден асады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
Павлодар облысында желдің қарқыны 23-28 м/с, түнде кей жерлерде 30 м/с асады. Бұрқасын соғып, кей аудандарда қатты боран болады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, ал күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с болады. Кей жерлерде бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Тұман түсіп, бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Тұман түсіп, бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Желдің екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді.
Қостанай облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ден асып, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Бірқатар аймақта тұман түсіп, көктайғақ болады.
Түнде Алматы облысының кей жерлерінде желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау, Түркістан облыстарының кей өңірінде тұман түседі.
Маңғыстау, Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болып, тұман түсуі мүмкін.