Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекс нормаларын түсіндіру маңызды
Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (бұдан әрі- ӘРПК) нормаларын түсіндіру бойынша семинар өтті.
Іс-шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы Руслан Тесмірханұлы Алдамбергенов, сот қызметкерлері, Сырдария аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Бағлан Мейрамбекұлы мен қызметкерлері қатысты.
Сырдария аудандық сотының төрағасы өз сөзінде әкімшілік сот төрелігінің міндеттері мен қағидаларына тоқталып, жоғарыда аталған санаттағы істерді қарау тәртібі туралы егжей-тегжейлі түсіндірме берді.
ӘРПК нормалары, ең алдымен, мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, лицензиялау және хабарлама рәсімдері, оларға қарсы тұру және басқа да маңызды мәселелер сияқты салаларға қатысты.
Аудандық сотқа түсіп жатқан даулардың ауқымды бөлігін жер қатынастарынан туындаған даулар құрап отыр. Меншік құқығын және жерді пайдалану құқығын ұсынған немесе тоқтатқан кезде жер заңнамасы нормалардың бұзылуы, азаматтарға жер теліміндеріне құқық беру, олардың шекарасын белгілеу туралы әкім шешімдері мен әкімдік қаулыларының заңсыздығы, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдардың әрекетсіздігі - даулардың негізгі себептері болуда.
Сот төрағасы аталған санатта түсетін даулардың алдын алу мақсатында сала қызметкерлеріне халықпен тығыз байланысты болып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуге шақырды.
Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі