Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот тәжірибесінің кейбір мәселелері бойынша №1 түсіндірме берген. Осы түсіндірмені насихаттау мақсатында, төтенше жағдай енгізу кезінде және одан кейінгі кезеңдерде аймақтағы жағдайды анықтау, тиісті шешім қабылдау бағытында Қызылорда облыстық сотының іс-шаралар жоспары бекітілген. Сол бойынша аудандық сотта онлайн семинар өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев, аудан прокуроры Е.Алмазұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Е.Жаналиев және тергеу бөлімінің бастығы Б.Тұрманов «Trueconf» мобильді байланысы арқылы қатысты. Онлайн семинарда аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов түсіндірме жұмыстарының басты мақсаты орын алған күрделі кезеңде ел экономикасын қолдауға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамда келісімдікті, тұрақтылықты сақтауға бағытталғанын атап өтті.
– Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот тәжірибесінде жекелеген мәселелер туындады. Осыған орай Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты түсіндірме берді. Онда осындай кезеңдегі талап-арыздардың, әкімшілік, қылмыстық істердің қабылдануы, олардың сотта қаралуы және мерзімдерінің сақталуына байланысты сұрақтар қамтылған. Сондай-ақ азаматтық және азаматтық процестік, қылмыстық және қылмыстық процестік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану жөнінде түсіндірме берілген, – деді аудандық сот төрағасы Руслан Темірханұлы.
Іс-шара барысында аудандық сот төрағасы Руслан Алдамбергенов пен судья Асылхан Мизанбаев сұрақтарға жауап берді.
Айта кетейік, аудандық сотта төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 476-бабымен (Төтенше жағдай режимiн бұзу) 38 әкімшілік іс қаралып, 23 адамға әкімшілік айыппұл салынған. 14 адам әкімшілік қамаққа алынса, 1 адамға ескерту жазасы қолданылған. Одан бөлек 3 қылмыстық іс, 14 азаматтық іс, 60 әкімшілік іс бойынша сот процестеріне мобильді қосымша және бейнебайланыс көмегімен азаматтардың қашықтықтан қатысуы қамтамасыз етілген.

Ердос БЕРКІНБАЕВ